Теннис: Қазақстан құрамасы 2012 жылы Дэвис кубогының бірінші айналымында Испаниямен ойнайды

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше Бангкокте 2012 жылы өтетін Дэвис кубогына жеребе тартылып, 1/8 финалда Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта Davis Cup әлемдік рейтингінің бірінші орнында тұрған Испания теннисшілерімен ойнайтын болды,
None
None

деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Ал әлемдік топтың бірінші айналымында ойнайтын қалған жұптар мыналар: Австрия-Ресей, Канада-Франция, Швейцария-АҚШ, Чехия-Италия, Сербия-Швеция, Жапония-Хорватия, Германия-Аргентина.

Дэвис кубогы бірінші айналымының ойындары 2012 жылғы 10-12 ақпан күндері өтеді. Өткен аптада әлемдік топқа енуге мүмкіндік беретін плей-офф матчтары өтіп, Чехия, Ресей, Австрия, Италия, Хорватия, Швейцария, Канада және Жапония командалары 2012 жылы әлемдік топта ойнауға жолдама алған еді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы Дэвис кубогын Испания құрамасы ұтып алды. Олар өткен аптада жартылай финалдық ойында Франция теннисшілерін 4-1, ал ақтық ойында Сербия құрамасын 3-2 есебімен ұтқан болатын.

Өткен жылы Қазақстан құрамасы жершарының 16 үздік құрамасы қатарына ену үшін елордада өткізілген ойында Швейцария құрамасын 5:0 есебімен ұтып, өз тарихында алғаш рет әлемдік топқа енген еді. Ағымдағы жылы қазақстандық теннисшілер Чехия командасын 3-2 есебімен ұтып әлемдік топтағы ұстанымын нығайта түсті. Ал Дэвис кубогы матчының ширек финалында Қазақстан құрамасы Аргентинаға есе жіберді. Дегенмен Дэвис кубогының рейтингісінде 9-шы орынға тұрақтаған болатын. Өкінішке орай таяуда жарияланған Дэвис кубогының жаңартылған рейтингінде еліміздің теннисшілері 1 саты жоғалтып, 10 орынға жайғасты. Жаңа рейтингте Қазақстан құрамасын басып озған Хорватия құрамасы 12 орыннан 7-ші орынға жоғарылады. Рейтингте Испания құрамасы көш басында. Одан кейінгі орындарда Сербия мен Аргентина құрамалары тұр.

Соңғы жаңалықтар