Теннис: Қазақстан құрамасы Испаниядан жеңіліп, Әлем чемпионатынан шығып қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде С тобында Қазақстан Испанияға жол берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші бәсекеде Қазақстан мен Испанияның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Паула Бадоса шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін төрт рет кездесіп, соның үшеуінде П.Бадоса жеңіске жеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда екі мәрте брейк жасаған испаниялық теннисші басымдылық танытты – 6:2.

Екінші сетте қазақстандық спортшы брейкпен есе қайырды – 6:3.

Үшінші, шешуші партияны Елена Рыбакина брейкпен бастады – 2:0. Алайда көп ұзамай қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік берііп қойды. Ақыры П.Бадоса кездесуді тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:4.

Тартысты ойын екі сағаттан астам уақытқа созылды.

Осылайша, бес мәрте әлем чемпионы Испания құрамасы 2:0 есебімен алға шығып, жеңісті қамтамасыз етті. Қалған жұптық бәсеке ештеңені шешпейтін еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатында Қазақстанның Испания құрамасымен кортқа шығатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ теннистен әлем чемпионатында Қазақстанмен матчта Испания алға шықты.


Соңғы жаңалықтар