Теннис: Қазақстан - Швейцария кездесуінде ойнайтын теннисшілердің есімдері анықталды

АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ертең, Астанадағы Ұлттық теннис орталығында «Дэвис кубогы» әлемдік тобының плей-офф сынында Егор Шалдунов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы өз кортында швейцариялық спортшыларды қабылдайтын болады.
None
None

Бүгін соған орай, журналистердің қатысуымен болған мәслихат барысында салтанатты жеребе тарту рәсімі өтіп, алдағы ойындарда кездесетін қарсылас жұптар анықталды.

Ертең, қыркүйектің 17-де ашылу салтанатынан кейін, алғашқы кездесуде Андрей Голубев пен Марко Сьюдинелли ракетка түйістіреді. Содан соң Михаил Кукушкин мен Станислас Вавринка жұбы күш сынасатын болады.

«Мен Сьюдинеллимен арадағы кездесуге дайынмын», дейді А.Голубев.

А.Голубев осы үш күн аралығында өтетін «Дэвис кубогы» әлемдік тобының плей-офф кезеңінде жеңіске жету Қазақстан құрамасы үшін өте маңызды екендігін атап көрсетті. «Біз әлемдік топқа шығуға талпынып жүрміз. Біз үшін және ел үшін бұл өте маңызды», дейді қазақстандық теннисші.

Сайыстың екінші күнінде жұптық матч өтеді. Евгений Королев пен Юрий Щюкин жұбы швейцариялық Мишель Ламмер және Ив Аллегромен ойнайды.

Королев пен Щюкин жұбы көп матчтарда өнер көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Соның ішінде жақында ғана Швейцариядағы турнир. «Біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Алдағы матчтың оңай соқпасы анық. Оға біз толық дайынбыз», дейді Ю.Щюкин.

Жарыстың соңғы кезеңінде А. Голубев С. Вавринкамен кездеседі. Ал М. Кукушкин М. Сьюдинеллимен бақ сынасады.

Айта кетейік, «Дэвис кубогының» плей-офф кезеңіне Қазақстан құрамасы матчтар сериясы бойынша қытайлық спортшыларды 4:1 есебімен ұтып шыққан еді. Онда командаға жеңісті Андрей Голубев, Михаил Кукушкин және Юрий Щукин сыйлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар