Теннис: қазақстандық Я.Шведова Индиан-Уэллстегі турнирдің үшінші айналымына шықты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан, жүлде қоры 6 млн. долларға жуықтайтын үлкен турнирде сәтті өнер көрсетуде.

Теннис: қазақстандық Я.Шведова Индиан-Уэллстегі турнирдің үшінші айналымына шықты

Іріктеу жарысынан сәтті өткен әлемнің 64-ші ракеткасы негізгі турнирде де жеңісті жолын жалғастырды. Алғашқы айналымда оңтүстікафрикалық, рейтингте 74-ші сатыда тұрған Шанель Схеперсті 4:6, 6:4, 6:3 есебімен үшінші партияда ұтқан Ярослава бүгін таң ата эстониялық Кайя Канепимен кездесті. Әлемдік рейтингте 26-орындағы эстониялық теннисші әлдеқайда азулы ойыншы болып есептеледі. Соған қарамастан, қазақстандық теннисші 6:3, 6:2 есебімен екі партияда басым түсті. Енді Я.Шведова сербиялық жас ойыншы Бояна Йовановскиді ұтқан әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, даниялық Каролина Возняцкимен кездеседі. Ярослава испаниялық Анабель Медина-Гарригеспен жұптасып өнер көрсетуде де екінші айналымға шықты.