Теннис: Қазақстандық Ярослава Шведова Шэньчжэньдегі біліктілік кезеңінен өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің 67-ші ракеткасы, Қазақстан өкілі Ярослава Шведова қытайлық Шэньчжэнь қаласындағы біліктілік турнирінің финалында WTA рейтингінде 126-шы орында тұрған түркиялық Чаглу Буюкакчайдан басым түсті. Есеп - 6:3, 7:5.1 сағат 45 минутта Ярослава сегіз брейк жасап, допты ойынға қосу кезеңінде бес рет қателесті, деп жазды Sports.kz.
None
None

Осыған дейін теннисшілер бір-бірімен кездеспеген.

Шведованың Shenzhen Open жарысының бірінші кезеңі бойынша қарсыласы кейін анықталады.

Соңғы жаңалықтар