ТЕННИС: Қазақстандық Ю.Путинцева Нюрнберг турнирінің жартылай финалына өте алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Нюрнберг қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалында итальяндық, осы жарыстың алтыншы ракеткасы Карин Кнаппен күш сынасты.
Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бір сағат 20 минуттай уақытқа созылған матчта 6:2, 6:4 есебімен Юлиядан әлдеқайда тәжірибелі К.Кнапп жеңіске жетті. Жиырма жасар Ю.Путинцева дүниежүзілік рейтинте 105-інші орында тұрса, 27 жастағы итальяндық теннисші әлемнің 48-інші ракеткасы екендігін айта кетейік. Бұл - теннисшілердің өзара бірінші кездесуі.
Енді Зарина Дияс бастаған қазақстандық теннисшілер 24 мамырда басталатын жылдың ең басты додаларының бірі - «Ролан Гаррос» турнирінде бақ сынайтын болады.