ТЕННИС: Қазақстандық Ю.Путинцева Осака турнирінің екінші айналымына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осака қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирдің бірінші айналымында қазақстандық Юлия Путинцева жапондық Риса Одзакимен кездесті.

ТЕННИС: Қазақстандық Ю.Путинцева Осака турнирінің екінші айналымына шықты

Чемпионат.ком сайтынан түскен мәліметке қарағанда, он тоғыз жасар Ю.Путинцева 7:6, 6:3 есебімен екі партияда жеңіске жетті. Ол ширек финалға шығу үшін британиялық Хитер Уотсонмен күш сынасады.

Осы жарыста тағы бір қазақстандық Зарина Дияс бірінші айналымда Қытайлық Тайбэй өкілі Чань Юн-Яньмен кортқа шығады.