ТЕННИС: Қазақстандық З.Дияс Рим турниріне қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-інші ракеткасы Зарина Дияс 11-17 мамырда Рим қаласында теннистен өтетін ірі турнирге қатысады.
Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина алғашқы айналымда болгариялық Цветана Пиронковамен күш сынасады. Оны ұтқан жағдайда әлемнің алтыншы ракеткасы, канадалық Эжени Бушармен кортқа шығады.
Жүлде қоры 2,7 млн. астам АҚШ долларын құрайтын Рим турниріне әлемнің мықты теннисшілері түгелге жуық қатысқалы отыр.
Айта кетейік, осының алдында Мадрид турнирінде Зарина Дияс испаниялық, әлемдік сатыда оныншы орында тұрған Карла Суарес-Наварродан ұтылып, бірінші айналымнан аса алмаған болатын. Бұл жарыста чехиялық Петра Квитова жеңімпаз атанды.