ТЕННИС: Қазақстанның үш бірдей теннисшісі халықаралық турнирлерге қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш бірдей теннисшісі Еуропада басталған халықаралық турнирлерге қатысады.

ТЕННИС: Қазақстанның үш бірдей теннисшісі халықаралық турнирлерге қатысады

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, еліміздің бірінші, әлемнің 34-інші ракеткасы Зарина Дияс Францияның Страсбург қаласындағы жарыстың алғашқы айналымында американдық Элисон Рискемен кездеседі. З.Дияс Страсбург турнирінің бесінші ракеткасы болып тіркелді. Ал Нюрнберг (Германия) қаласындағы осындай байрақты бәсекеде Ярослава Шведова беташар матчында голландиялық Кики Бертенспен күш сынасады. Нюрнбергте іріктеу сайыстарынан сәтті өткен тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да бақ сынайды.

Айта кетейік, екі жарыстың да жүлде қоры - 250 мың АҚШ доллары. Бұл алдағы аптада басталатын «Роллан Гаррос» турниріне соңғы дайындық болмақ.