Теннис: Коронавирусқа байланысты Аргентина–Қазақстан матчы кейінге шегерілді

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, әлемнің сегіз елінде 17-18 сәуір күндері өтуге тиіс плей-офф турнирінің басқа да матчтары кейінге шегерілді.
Турнирдің балама мерзімдері кейін жарияланатын болады.
Сонымен қатар ITF Мажарстанда өтуі тиіс Федерация кубогының финалын да кейінге қалдырды. Халықаралық теннис федерациясы финалды өткізуге ниетті. Сол бағытта мүдделі ұйымдармен келіссөздер жүргізілуде.
Оған қоса коронавирус індетінің таралуына байланысты Futures сериясындағы жарыстар кемінде 20 сәуірге дейін, ал Challenger, ATP және WTA турнирлері 2 мамырға дейін өтпейді.
Сол сияқты Нұр-Сұлтан қаласында ерлер арасындағы челлендж турнирі де аяқталмай қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің Нұр-Сұлтан турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.