Теннис: ҚР қыздар құрамасының қарсыластары анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше теннистен Федерация кубогының әлемдік тобы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылып, Қазақстан қыздар құрамасының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жеребе бойынша жерлестеріміз плей-офф кезеңінде канадалықтармен кездесетін болды. Ойындар 22-23 ақпанда Канадада өтеді.
Қазақстан қыздар құрамасы өз тарихында Федерация кубогы әлемдік тобының плей-офф кезеңіне екінші рет шығып отыр. Бұл жолдама үшін отандастарымыз Жапонияны үш матчтың қорытындысы бойынша 2:1 есебімен басым түскен болатын.
Айта кетейік, плей-оффта жеңімпаз бес ойыннан кейін барып анықталады.