Теннис: Ксения Первак Қазақстан азаматтығынан бас тартты
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Теннистен Қазақстан атынан жарысқа қатысып жүрген ресейлік Ксения Первак қайта отанына оралды.
"Аламанның" жазуынша, енді ол Ресей атынан жарыстарға қатыспақ. Бұл туралы WTA ресми сайтында жарияланды. Осыған дейін Ксения Первактың Ресейге оралатыны жайлы Ресей теннис федерациясы жариялаған еді. Бірақ кейін Қазақстан теннис федерациясы бұл ақпаратты жоққа шығарған. Дегенмен, Первактың Ресейге оралғаны туралы «Спорт экспресс» ақпарат таратып үлгерді.