Теннис: Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалында есе жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин Финикс (АҚШ) челленджер турнирінің финалында италиялық Маттео Берреттинимен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтинте 43-орында болса, қарсыласы 57-сатыда еді.

Матч аса тартысты өтіп, үш партияға, үш сағатқа жуық уақытқа созылды.

Онда М.Берреттини 3:6, 7:6 (8:6), 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті.

М.Кукушкин енді АҚШ-тағы ірі турнир - жүлде қоры 8,3 млн АҚШ долларынан асатын Майами жарысына қатысады. Оның іріктеу сайысының жартылай финалында тағы бір қазақстандық теннисші, рейтингте 134-сатыдағы Александр Бублик әлемнің 95-ракеткасы, литвалық Ричардас Биранкиспен сынға түседі.

Әйелдер арасында Майами турнирінде іріктеу сайысының жартылай финалында қазақстандық, әлемнің 94-ракеткасы Зарина Дияс Польша елінің өкілі, рейтингте 125-орындағы Ига Свёнтекпен шеберлік байқасады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева жарысты негізгі турнирден бастап, алғашқы айналымда бельгиялық, рейтингте өзінен тоғыз саты төмен тұрған Кирстен Флипкенспен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкин Финикс турнирінің соңғы бәсекесіне жолдама алған болатын.

Соңғы жаңалықтар