Теннис: Кукушкин АТР сериясындағы Санкт-Петербор турнирінің чемпионы атағын қорғай алмады

АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АТР сериясындағы Санкт-Петербор турнирінің чемпионы атағын қорғай алмады,

Теннис: Кукушкин АТР сериясындағы Санкт-Петербор турнирінің чемпионы атағын қорғай алмады

деп хабарлайды Қазақстанның Теннис федерациясы.

Отандасымыз бірініші айналымдағы ойында-ақ жолына қарсы келген неміс Михаэль Берреруге 1:6, 6:4, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Келесі раундта германиялық теннисші Оливье Рохус пен Янко Типсаревич арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Еске сала кетейік, St.Petersburg Open-2010 турнирінің финалында ресейлік спортшы Михаил Южныйды ұтып, өзінің мансабында алғаш рет ең ірі жеңіске жеткен болатын. Қазіргі уақытта М. Кукушкин Қазақстан теннисшілері арасында әлемдік теннис дәреже сатысында ең жоғары орында тұр. Ол ATP рейтингісінің 66 орнында.