Теннис: Кукушкин Дубайда негізгі турнирге жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Михаил Кукушкин Дубайда негізгі турнирге жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 96-орында тұрған М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 162-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиномен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетті – 6:2.

Екінші сетте де М.Кукушкин брейкпен алға кетті – 3:1. Тағы бір брейк – 5:2. Сосын матчқа доп бергенде, мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:2.

Бәсеке 1 сағат 12 минутқа созылды.

Осылайша қазақстандық спортшы негізгі турнирге жолдама алды. Оның қарсыласы кейін анықталады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик бүгін осы жарыстың алғашқы айналымында рейтингте 59-сатыдағы жапониялық Есихото Нисиокамен кездеседі.

Жүлде қоры 2 млн АҚШ долларынан асатын Дубай ATP 500 турнирі 20 наурызда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Дубай турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар