Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Теннис: Кукушкин Истбурн турнирінің ширек финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның бірінші, әлемнің 90-ыншы ракеткасы Михаил Кукушкин Истбурн (Ұлыбритания) турнирінде испаниялық Давид Феррермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннис: Кукушкин Истбурн турнирінің ширек финалына шықты

Осы турнирдің 6-ыншы ракеткасы болып тіркелген Д.Феррер әлемдік рейтингте 38-інші орында тұр. Соған қарамастан, ойын қазақстандық теннисшінің басымдылығымен өтті.

М.Кукушкин қарсыласын 6:2, 6:0 есебімен еркін ұтты. Кездесу барысында ол 15 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.
Матч 1 сағат 18 минутқа созылды.

Қазақстандық спортшы ширек финалда рейтингте 18-інші сатыда тұрған ұлыбританиялық Кайл Эдмунд немесе оның отандасы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Энди Маррейдің біреуімен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Истбурн турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.