Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Теннис: Кукушкин Кицбюэль турнирінің ширек финалына шыға алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанның бірінші, әлемнің 87-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Кицбюэль (Аустрия) турнирінің екінші айналымында германиялық Максимильян Мартерермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннис: Кукушкин Кицбюэль турнирінің ширек финалына шыға алмады

Матч дүниежүзілік рейтингте 47-інші орында тұрған М.Мартерердің басымдылығымен өтті.

Неміс теннисшісі бірінші сетті 6:3 есебімен ұтса, екіншісінде қарсыласын 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Бәсеке көпке созылмай, 1 сағат 13 минутта аяқталды.

Осылайша М.Кукушкин жүлде қоры 584 мың АҚШ долларына жуықтайтын Кицбюэль турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің аталмыш жарысты жеңіспен бастағанын, ал бүгін Юлия Путинцеваның Вашингтон турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.