Теннис: Кукушкин Марсель турнирінің жартылай финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Михаил Кукушкин Марсель (Франция) турнирінің ширек финалында ресейлік Андрей Рублевпен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші рейтингте 115-орындағы, 21 жасар қарсыласын екі партияда тізе бүктірді.

Бірінші сетте есеп 6:4 болса, екіншісінде М.Кукушкин айқын басымдылық көрсетті - 6:1.

Небәрі 1 сағат 5 минутқа созылған кездесуде қазақстандық тәжірибелі спортшы 5 эйспен бірге төрт брейк жасай білді. Ресейлік теннисшінің есебінде 5 эйс пен 1 ғана брейк.

Осымен М.Кукушкин қарсыласын үшінші мәрте жеңді. Бұған дейін тек бір ойында оған есе жіберді.

Жүлде қоры 668 485 еуроға бағаланған жарыстың жартылай финалында Михаил Кукушкин әлемнің 75-ракеткасы, франциялық Уго Умбер немесе рейтингте 143-сатыдағы германиялық Маттиас Бахингердің бірімен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің рейтингте үздік елудікке енгенін және Марсель турнирінің екінші айналымына, сосын ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

.

Соңғы жаңалықтар