Теннис: Кукушкин Р. Гаррос турнирінде бiлiктiлiк кезеңiнiң екiншi айналымына өттi

АСТАНА. 22 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшi Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирінде бiлiктiлiк кезеңiнiң екiншi айналымына өттi, деп хабарлайды Vesti.kz.

Теннис: Кукушкин Р. Гаррос турнирінде бiлiктiлiк кезеңiнiң екiншi айналымына өттi

Кукушкин аталмыш жарыста беларусь спортшысы Владимир Игнатикке қарсы ойнаған болатын. Екi сағатқа жуық созылған матчта 7:5, 6:1 есебiмен жерлесiмiз жеңiп шықты. Кукушкиннiң келесi қарсыласы ресейлiк Михаил Габашвили атанып отыр.

Сол күнi тағы бiр қазақстандық теннисшi Андрей Голубев 3:6, 3:6 есебiмен канадалық Петер Поланскиге жол берді.