Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Теннис: Кукушкин Шанхай турнирінің екінші айналымына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 83-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Шанхай турнирінің алғашқы айналымында испаниялық Альберт Рамос-Виньоласпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Теннис: Кукушкин Шанхай турнирінің екінші айналымына шықты

Дүниежүзілік рейтингте А.Рамос-Виньоластың 50-інші орында тұрғанына қарамастан, матч қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді.
М.Кукушкин бірінші партияны 6:4, екіншісін 6:2 есебімен ұтты.

Кездесу 1 сағат 24 минутқа созылды.

Биылғы «Ролан Гаррос» турнирінің алғашқы айналымында қазақстандық теннисші дәл осы А.Рамос-Виньоласқа есе жіберген болатын. Бүгін соның қарымтасын қайтарды деуге болады.

М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 8-інші ракеткасы, оңтүстікафрикалық Кевин Андерсонмен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, қазақстандық теннисші жүлде қоры 7 млн АҚШ долларынан асатын Шанхай турниріне іріктеу сайыстарынан кейін қосылған болатын.