ТЕННИС: М.Кукушкин әлемнің төртінші ракеткасы С.Вавринканы ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теннистен Базельде өтіп жатқан халықаралық жарыстың бірінші айналымында қазақстандық Михаил Кукушкин әлемнің төртінші, осы турнирдің үшінші ракеткасы, швейцариялық Станислас Вавринкамен күш сынасты.

ТЕННИС: М.Кукушкин әлемнің төртінші ракеткасы С.Вавринканы ұтты

Аса тартысты өткен матч 2 сағат 13 минутқа созылып, 6:4, 6:7, 6:3 есебімен әлемдік рейтингте 84-інші орында тұрған М.Кукушкин жеңіске жетті. Кездесу барысында Михаил төрт брейкке қол жеткізіп, өзі доп берген екі геймде есе жіберді.

М.Кукушкин жүлде қоры 1,458 млн. еуродан асатын турнирдің ширек финалына шығу үшін неміс теннисшісі Бенджамин Беккермен кортқа шығады.