Теннис: М.Кукушкин «Челленджер» сериясындағы турнирдің екінші айналымына шықты
АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші М.Кукушкин Ресейдің Пенза қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайтын «Челленджер» сериясындағы турнирдің екінші айналымына шықты,
деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Алғашқы айналымда ресейлік Антон Зайцевке қарсылас болған ол 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Келесі айналымда М.Кукушкин тунистік Малек Джазиримен ойнайды.