ТЕННИС: Мария Шарапова «Australian Open» турнирінде финалға өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік Мария Шарапова отандасы Екатерина Макарованы ұтып, Австралиядағы теннистен ашық чемпионаттың ақтық сынына өтті, деп хабарлады ВВС.
Бейсенбіде Мельбурнде өткен кездесуде Шарапова 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін 2008 жылы Австралия ашық чемпионатында жеңімпаз болған Мария сенбі күні өтетін ақтық сайыста Серена Уильямспен бақ сынайды. Мария Шарапова «Australian Open» финалына төртінші рет өтіп отыр.