03:37, 28 Наурыз 2015 | GMT +5
Теннис: Майами турнирінде З.Дияс американдық жас теннисші К.Беллистен жеңіліп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Майами қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс американдық, он бес жасар Катрин Беллиспен кортқа шықты.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, өкінішке қарай, К.Беллис 6:2, 6:1 есебімен Заринаны оңай ұтты. К.Беллисті өткен жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында З.Дияс тізе бүктірген болатын, енді американдық теннисші соның есесін қайырды. Катрин үшінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы, тағы бір американдық Серена Уильямс немесе румыниялық Моника Никулескудің біреуімен кездеседі. Қазақстанның екінші теннисшісі Ярослава Шведова да швециялық Юханна Ларссоннан ұтылып, бірінші айналымнан аса алмады. Тек ерлер арасындағы бәсекеде Михаил Кукушкин ғана табысты өнер көрсетуде. Бірінші айналымда американдық Стив Джонсонның жолын бөгеген ол енді осы Майами турнирінің он екінші ракеткасы, француз Жиль Симонмен шеберлік байқасады.