ТЕННИС: Михаил Кукушкин мен Александр Недовесов ATP рейтингінде бір саты жоғарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін жаңаланған рейтингте ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин 1 саты көтеріліп, 48-орынға тұрақтады. Александр Недовесов те өткен аптадағы нәтижесін жақсартты. Нәтижесінде 114 орынға көтерілді, деп хабарлады kazsport.kaztrk.kz.
Ал, Андрей Голубев 1 саты төмендеп, 154-орынға түсті. АТР Рейтингі: 1 (1). Новак Джокович (Сербия) - 13 845 очков 2 (3). Роджер Федерер (Швейцария) - 9 415 3 (2). Энди Маррей (Ұлыбритания) - 7 040 48 (49). Михаил Кукушкин (Қазақстан) - 842 114 (115). Александр Недовесов (Қазақстан) - 469 154 (153). Андрей Голубев (Қазақстан) - 385.