Теннис: Михаил Кукушкин Шанхайдың негізгі турниріне жолдама алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 84-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Шанхай турнирі іріктеу сайысының финалында италиялық Маттео Берреттинимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемдік рейтингте италиялық теннисші 58-інші сатыда тұрғанына қарамастан, М.Кукушкин матч барысында таразы басын өзіне аудара білді.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Екінші сетте есеп 5:4 болған мезетте М.Кукушкин брейк жасай білді. Сөйтіп матчты сәтті түйіндеді - 6:4.
Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды.
Қазақстандық теннисшінің Шанхайдың негізгі жарысындағы алғашқы қарсыласы кейін анықталады.
Жүлде қоры 7 млн АҚШ долларынан асатын бұл турнир 14 қазан күні мәреге жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Гонконг турнирінде бақ сынайтынын жазған болатынбыз.