Теннис: Михаил Кукушкиннің Мадрид турниріндегі қарсыласы анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкиннің Мадрид турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 96-ыншы орында тұрған М.Кукушкин алғашқы айналымда әлемнің 73-інші ракеткасы, испаниялық Роберто Карбальес Баэнамен ойнайды.
Егер оны жеңген жағдайда әлемнің 8-інші ракеткасы, оңтүстікафрикалық Кевин Андерсонмен шеберлік байқасады.
Бұл айтулы додаға әлемнің бірінші ракеткасы, испаниялық Рафаэль Надаль бастаған маңдайалды теннисшілер қатысуда.
Еске сала кетейік, кеше жүлде қоры 7,4 млн АҚШ долларынан асатын Мадрид турнирінде іріктеу сайысының финалында М.Кукушкиннің әлемнің 71-інші ракеткасы, сербиялық Виктор Троицкиді жеңіп, негізгі жарысқа жолдама алғанын, ал әйелдер арасында Зарина Диястың алғашқы айналымда Пуэрто-Рико елінің өкілі Моника Пуигтен жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.