Теннис: Недовесов пен Голубев Хорватиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Хорватиядағы Сплит челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы доданың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық жұп алдымен хорватиялықтар Карло Кроло – Лука Микрутты 6:1, 6:3 есебімен оңай ұтты.

А.Недовесов пен А.Голубев ширек финалда да қарсылас шақ келтірген жоқ. Германиялық Дастин Браун – швейцариялық Лука Маргороллиді 6:2, 6:1 есебімен ойсырата жеңді.

Қазақстандық жұп жүлде қоры 45 мың еуроға бағаланған жарыстың финалына шығу үшін чехиялықтар Зденек Колар – Лукаш Росолмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Чарльстон турнирінің ширек финалына шыққанын, Ролан Гаррос жарысының бір аптаға кейін шегерілгенін жазған едік.




Соңғы жаңалықтар