Теннис: Недовесов Шымкент турнирінің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Шымкент челенджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 194-орында тұрған А.Недовесов үшінші айналымда әлемнің 243-ракеткасы, канадалық Стивен Диаспен күш сынасты.

Матчты канадалық спортшы қарқынды бастап, бірінші сетте айқын басымдылық көрсетті - 6:1.

Дегенмен қалған екі партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты бәсеке 2 сағат 4 минутқа созылды.

Жекелей сында Қазақстаннан жалғыз қалған А.Недовесов жартылай финалға шығу үшін осы турнирдің үшінші, әлемнің 154-ракеткасы, словакиялық Андрей Мартин немесе рейтингте 300-сатыдағы хорватиялық Нино Сердарусицтің біреуімен таласады.

Жүлде қоры 54 мың АҚШ доллары болатын Шымкент жарысы 16 маусымда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Недовесовтің Шымкент турнирін жеңіспен бастағанын, Зарина Диястың Манчестер жарысының екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар