ТЕННИС: Нисикори атағы жер жарған Джоковичті сүріндірді - US Open турнирі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық Кэй Нисикори АҚШ-тың теннистен ашық чемпионатының жартылай финалында серб Новака Джоковичті сүріндіріп, ақтық сайысқа шықты. Есеп - 6:4, 1:6, 7:6, 6:3.
Нисикори «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шыққан тұңғыш жапондық. Ал Джокович болса, 2009 жылдан бері алғаш рет US Open финалына жете алған жоқ.
Азиялық спортшы 8 қыркүйекте өтетін ақтық сайыста Марин Чиличпен кездеседі. Бұл турнирдің жүлде қоры -3 8 миллион доллар.