Теннис: Осака турнирінде З.Дияс екінші айналымға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осака қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирдің бірінші айналымында жиырма жасар қазақстандық Зарина Дияс тайпейлік Чань Юн-Яньмен кездесті.
Әлемдік рейтингте 37-інші орында тұрған осы турнирдің бесінші ракеткасы З.Дияс 7:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Әлемдік рейтингте 221-інші орында келе жатқан 25 жасар Чань Юн-Яньмен бұған дейін Зарина кортта жолықпаған екен.
Енді екінші айналымда З.Дияс испандық Лара Арруабарренамен шеберлік байқасады.
Бұған дейін тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева жапондық Риса Одзакиді 7:6, 6:3 есебімен екі партияда жеңіп, екінші айналымға өткен болатын. Ол ширек финалға шығу үшін британиялық Хитер Уотсонмен күш сынасады.