Теннис: Попко Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті бастады
Дүниежүзілік рейтингте 184-орында тұрған Д.Попко алғашқы кездесуін әлемнің 137-ракеткасы, қытайлық Чжичжэнь Чжанмен өткізді.
Матч тартысты өтіп, екі партия да тай-брейкке дейін жетті. Қазақстандық спортшы іріктеу сайыстарының 25-ракеткасы болып тіркелген қарсыласын 7:6 (9:7), 7:6 (7:5) есебімен тізе бүктірді.
Бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.
Д.Попко іріктеу сайыстарының жартылай финалында рейтингте 197-сатыдағы франциялық Энцо Кокомен шеберлік байқасады.
«Үлкен дулыға» турнирінің бірі – Аустралия ашық чемпионаты 20 қаңтар – 2 ақпан аралығында өтеді. Іріктеу сайысы осы аптаның аяғында мәреге жетіп, негізгі турнирге жолдама алғандар анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Хобарт турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.