00:31, 14 Тамыз 2020 | GMT +5
Теннис: Путинцева АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шыға алмады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Юлия Путинцева Лексингтон (АҚШ) турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 33-ракеткасы Ю.Путинцева екінші айналымда рейтингте 63-орында тұрған швейцариялық Жиль Белен Тайхманмен күш сынасты.
Кездесу барысында швейцариялық теннисші алты брейк жасап, 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ю.Путинцева екі брейкке қана қол жеткізді.
Бәсеке 1 сағат 28 минутқа созылды.
Спортшылардың бұдан бұрын жолдары тоқайласпаған болатын.
Швейцариялық теннисші ширек финалда америкалықтар Джессика Пегула немесе Кэтрин Беллистің біреуімен шеберлік байқасады.
Лексингтон жарысы (жүлде қоры – 202 мың АҚШ доллары) 16 тамызда мәреге жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның АҚШ-тағы жарысты жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.