09:07, 12 Тамыз 2020 | GMT +5
Теннис: Путинцева АҚШ-тағы жарысты жеңіспен бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Юлия Путинцева Лексингтон (АҚШ) турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 33-ракеткасы Ю.Путинцева бастапқы кездесуін рейтингте 56-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен өткізді.
Бірінші сетте Юлия қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екіншісінде де 6:4 есебімен басым түсті.
Бәсеке 1 сағат 23 минутқа созылды.
Қазақстандық спортшы екінші айналымда әлемнің 63-ракеткасы, швейцариялық Жиль Белен Тайхманмен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның АҚШ-тағы турнирде бақ сынайтынын жазған болатынбыз.