10:44, 25 Қаңтар 2020 | GMT +5
Теннис: Путинцева Аустралия чемпионатының төртінші айналымына шыға алмады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Рейтингте 38-орында тұрған қазақстандық спортшы әлемнің бұрынғы бірінші, қазіргі үшінші ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен ойнады.
Бірінші партияда румыниялық спортшы айқын басымдылық көрсетті - 6:1.
Есесіне екінші сет әлдеқайда тартысты өрбіді. Қарсыластар брейк те алмасты. Дегенмен матчқа доп бергенде, Симона мүмкіндігін жіберген жоқ - 6:4.
Бәсеке 1 сағат 17 минутқа созылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бублик пен М.Кукушкин жұбының үшінші айналымға өткенін жазған болатынбыз.