Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Теннис: Путинцева Брисбенде әлемнің сегізінші ракеткасына жол берді

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-інші ракеткасы Юлия Путинцева Брисбен (Австралия) турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Теннис: Путинцева Брисбенде әлемнің сегізінші ракеткасына жол берді

Жүлде қоры 899 500 АҚШ долларына бағаланған жарыста Ю.Путинцева осы турнирдің бесінші ракеткасы болып тіркелген, әлемдік рейтингте 8-інші орында тұрған чехиялық Каролина Плишковамен кездесті.

Аса тартысты өткен матчта чехиялық спортшы 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 2  сағат 17 минутқа созылды.

Кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған К.Плишкова 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана алды. Ал Путинцева 3 брейкке қол жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын тағы бір қазақстандық теннисші Зарина Диястың Шэньчжэнь (Қытай) турниріндегі қарсыласы анықталып, одан кейін жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.  

Енді теннисшілер 10-26 қаңтар аралығында өтетін Австралия ашық чемпионатында сәтті өнер көрсетсе, ұпайды көбірек жинап, рейтингте көтеріле алады. Австралия ашық біріншілігі - жыл сайын өтетін төрт «Үлкен дулыға» турнирінің бірі.