Теннис: Путинцева да Токио турнирінің екінші айналымына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан халықаралық турнирдің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 52-інші ракеткасы Юлия Путинцева дүниежүзілік рейтингте 97-інші орында тұрған қытайлық Йин-Йин Дуаньмен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Теннис: Путинцева да Токио турнирінің екінші айналымына өтті

Myscore.ru сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Ю.Путинцева 2 сағат 26 минутқа созылған матчта қарсыласын 6:4, 4:6, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Ю.Путинцева ширек финалға шығу үшін тағы бір қытайлық, әлемнің 136-ыншы ракеткасы Хань Син-Юньмен күш сынасады.

Еске сала кетейік, осы турнирде сәтті өнер көрсетіп жатқан тағы бір қазақстандық Зарина Дияс әлемнің 28-інші, осы турнирдің 2-інші ракеткасы, қытайлық Чжан Шуаймен кортқа шығады. Егер қазақстандықтар қарсыластарын ұтатын болса, онда ширек финалда өзара кездеседі.