ТЕННИС: Путинцева Франциядағы турнирдің жекелей сынында ширек финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бейсенбі күні Франциядағы ITF сериясындағы турнирде жеке сында ширек финалға шықты. Бұл бәсекенің сыйлық қоры 100 мың доллар, деп хабарлады sports.kz
Ширек финалда қазақстандықтың қарсыласы хорватиялық Донна Векич пен румыниялық Сорана Кирстеа матчының жеңімпазы болмақ. Осыған дейін алғашқы айналымдағы кездесуде Путинцева неміс ойыншысы Нина Зандерді - 6:3, 6:3 есебімен жеңген еді.