20:29, 12 Маусым 2016 | GMT +5
ТЕННИС: Путинцева мен Шведова «Mallorca Open» турниріне қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Мальорка қаласында 13-19 маусым күндері өтетін «Mallorca Open» әйелдер турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық Ярослава Шведованың қарсыласы белгілі болды, ол словакиялық Даниэла Хантуковамен шығатын болды. Ал Юлия Путинцева алғашқы раундта кезеңнің жеңімпаздарының бірімен ойнайтын болады.