Теннис: Путинцева Сидней турнирінің жартылай финалына шыға алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева Сидней турнирінің ширек финалында Нидерланды елінің өкілі Кики Бертенспен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әлемнің 9-ракеткасы К.Бертенс екінші айналымдағы қарсыласы, испаниялық Гарбинье Мугурусаның кездесуден бас тартуына байланысты ширек финалға ойнамастан шыққан еді. Сондықтан US Open турнирінің 2017 жылғы жеңімпазы, америкалық Слоан Стивенсті үш сетке созылған, тартысты бәсекеде ұтқан Юлия Путинцеваға қарағанда, бұл ойынға Бертенстың келді.

Бірінші партияда К.Бертенс 6:2 есебімен басым түсті.

Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Ю.Путинцева қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды. Ақыры бұл партия да Бертенстің жеңісімен аяқталды - 6:2.

Матч бір сағатқа жуық уақытқа созылды.

К.Бертенс жартылай финалда осы турнирде әлемнің бірінші ракеткасы, румыниялық Симона Халепті тізе бүктірген аустралиялық Эшли Бартимен шеберлік байқасады.

Ю.Путинцева Сидней турнирінің жартылай финалына шыға алмағанымен, біршама сәтті ойнағанын айту керек. Іріктеу сайыстарын қосқанда, төрт жеңіске қол жеткізген Путинцева енді Аустралия ашық чемпионатында табысты өнер көрсетсе, ұпайы көбейіп, рейтингісі жоғарылайтыны анық.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сиднейде Юлия Путинцеваның US Open турнирінің жеңімпазын ұтқанын, ал Александр Недовесовтің Аустралия ашық чемпионаты іріктеу турнирінің финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар