Теннис: Путинцева Тайбэй турнирін сәтті бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Тайбэй турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Осы жарыстың бесінші ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева бүгін жапониялық Дзюнри Намигатаны 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 36 минутқа созылды.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда қос қытайлық Ли Ясюань мен Чан Кайчэньнің қай жеңгенімен кездеседі.
Жүлде қоры 226750 АҚШ долларына бағаланған Тайбэй турниріне Зарина Дияс та қатысуда. Осы жарыстың алтыншы ракеткасы З.Дияс алғашқы айналымда ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, кеше мәреге жеткен Австралия ашық чемпионатында әйелдер арасында даниялық Каролин Возняцки жеңімпаз атанып, әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Ал Зарина Дияс бірінші, Юлия Путинцева екінші айналымнан аса алмаған болатын.