Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Теннис: Путинцева US Open турнирінің екінші айналымына өте алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-інші ракеткасы Юлия Путинцева US Open турнирінің алғашқы айналымында америкалық Бернардо Перамен күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теннис: Путинцева US Open турнирінің екінші айналымына өте алмады

Б.Пера дүниежүзілік рейтингте 92-інші орында тұрғанына қарамастан, матч аса тартысты өрбіді.

Бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда жанкүйерлер қолдауына сүйенген корт иесі 8:6 есебімен басым түсті.

Б.Пера осы қарқынын екінші сетте де жоғалтпай, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды.

Осылайша АҚШ-тың ашық чемпионатында жекелей сында Қазақстаннан Михаил Кукушкин ғана қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әйелдер арасында Зарина Дияс әлемнің 8-інші ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковаға жол берген еді.

US Open турнирін жеңіспен бастаған М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 23-інші ракеткасы, оңтүстіккореялық Чхун Хенмен кездеседі.