Теннис: Рафаэль Надаль сегізінші рет Франция ашық чемпионатының жеңімпазы атанды
АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Теннистен «Ролан Гарростың» ерлер арасындағы бәсекесін испандық Рафаэль Надаль ұтып алды.
Ол финалда өз отандасы Давид Феррерден басым түсті. Кездесу үш сетке созылып, Надаль еш қиындықсыз жеңіске жетті - 6:3. 6:2. 6:3.
Рафаэль Надаль осымен сегізінші рет Франция ашық чемпионатының жеңімпазы атанып отыр, деп хабарлайды «Аламан».