02:27, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
Теннис: Рейтингте өрлеу де, құлдырау да бар
АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Әйелдер теннисi ассоциациясының ақпан айының үшiншi аптасындағы рейтингiсiнде өзгерiс бар екен. Әсiресе, қазақстандық теннисшiлерге қатысты.

alasharena.kz сайтының хабарлауынша, елiмiздiң бiрiншi нөмiрлi ракеткасы саналатын Ярослава Шведова бiр апта бұрын 30-сатыда тұрған, ендi ол екi саты төмендептi. Ксения Первак 72-сатыда болатын, құлдыраған ол 84-орында тұр. Юлия Путинцева 97-сатыдан 101-ге төмендеген.
Ұпайы жоғарылаған теннисшiлерiмiз де бар. Галина Воскобоева - 107, Сесиль Каратанчева - 119, Зарина Диас 245-сатыға көтерiлдi.
Америкалық Серена Ульямс бұл аптаның рейтингiсi бойынша көш басына шықты, өткен аптада көш бастап тұрған Беларусь теннисшісі Виктория Азаренко бiр саты төмендесе, үштiктi ресейлiк Мария Шарапова түйiндеп тұр.