Теннис: Рыбакина Дубай турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтулы доданың 14-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 48-орында тұрған қытайлық Чжэн Сайсаймен өткізді.

Бірінші партияда Е.Рыбакина қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Екінші сетте де 6:4 есебімен басым түсті.

Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.

Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 31-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен күш сынасады.

Жүлде қоры 1,8 млн АҚШ долларынан асатын жарыс 13 наурыз күні мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Роттердам турнирінің ширек финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар