ТЕННИС: Серена Уильямс «Ролан Гаррос» жеңімпазы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда өтіп жатқан теннистен ашық чемпионатта («Ролан Гаррос») америкалық спортшы Серена Уильямс чехиялық Луция Шафаржованы ұтып, финалда жеңіске жетті, деп жазады «ВВС» агенттігі.
2 сағатқа созылған ақтық сында 6:3, 6:7 (2:7), 6:2 есебімен Уильямс озып шықты. Айта кетейік, Серена Уильямс бұған дейін аталған турнирде 2002, 2013 жылдары жеңімпаз атанған болатын.