Теннис: Шведова мен Путинцева Нюрнберг турнирінің ширек финалына шықты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Нюрнберг қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші айналымында қазақстандық Ярослава Шведова германиялық Татьяна Марияны тізе бүктіріп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Теннис: Шведова мен Путинцева Нюрнберг турнирінің ширек финалына шықты

championat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, әлемнің 51-інші, осы жарыстың жетінші ракеткасы Я.Шведова екі партияда (6:2, 6:4) жеңіске жетті. 1 сағат 37 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші төрт бірдей брейк жасай білді.

Енді Ярослава жартылай финалға шығу үшін жапониялық Мисаки Доимен күш сынасады. Бұл кездесу 25 мамыр күні болмақ.

Я.Шведованың жеңісті жолын тағы бір қазақстандық спортшы, әлемнің 28-інші, осы турнирдің екінші ракеткасы Юлия Путинцева жалғастырды. Ол екінші айналымда бельгиялық Янина Викмайерді 6:4, 6:0 есебімен ұтты. Юлия 26 мамыр күні ширек финалда румыниялық Сорана Кырстямен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, жүлде қоры 226 750 АҚШ доллары болатын Нюрнберг турнирі 27 мамырда мәреге жетеді.