Теннис: Т.Хабибулин ресейлік С.Дьяконовты жеңді
АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада ITF (Халықаралық теннис федерациясы) сериясы аясында өткен жарыста финалға шыққан Тимур Хабибулин ресейлік Сергей Дьяконовты жеңді.
Үш сетте қазақстандық теннисші өз қарсыласын 7:5, 2:6 және 6:4 есебімен басым түсті. Бұған дейін Т.Хабибулин-К.Цаплин арасындағы ойын техникалық жеңіспен аяқталды. Себебі ресейлік теннисші матчтан бас тартты.
Жалпы, Астанада ITF сериясы аясындағы матчтың негізгі ойындарына Тимур Хабибулин, Алексей Кедрюк, Қуатбек Әбиев, Денис Евсеев, Сержан Есенбеков, Алексей Нестеров және Дмитрий Попко шығып отыр.