Теннис: Тимофей Скатов Алматы турнирінің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған Т.Скатов екінші айналымда әлемнің 385-ракеткасы, отандасы Денис Евсеевпен кездесті.

Бірінші партияда Д.Евсеев айқын басымдылық көрсетті - 6:1.

Екіншісінде Т.Скатов дәл сондай есеппен жауап қайырды - 6:1.

Үшінші, шешуші сет әлдеқайда тартысты болды. Ақыры Скатов 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Т.Скатов Алматы додасының жартылай финалына шығу үшін рейтингте 327-сатыдағы франциялық Эвен Фернеспен таласады.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін румыниялық Филип Жиянумен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Ал Зарина Дияс Ноттингем турнирінің үшінші айналымына шықты.


Соңғы жаңалықтар