12:52, 27 Қыркүйек 2021 | GMT +6
Теннис: Тимофей Скатов ATP рейтингісінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Тимофей Скатов кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде өзінің рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Қазақстаннның бірінші ракеткасы Александр Бублик 34-тен 36-ға төмендеді.
Есесіне 20 жастағы Тимофей Скатов бірден 11 сатыға жоғарылап, 269-орынға орнықты.
Сондай-ақ Дмитрий Попко 188-ден 187-ге, Денис Евсеев 403-тен 398-ге, Александр Недовесов 514-тен 513-ке көтерілді.
Михаил Кукушкин 146-дан 150-ге сырғыды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Astana Open WTA турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болғанын жазған едік.
Әйелдер арасында елорда додасы бүгін басталды.